Элизабет Тұрсынбаева мен Денис Тен әлемнің командалық Кубогында Азия құрамасы атынан шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева мен Денис Тен Американың Спокан қаласында жарыс бағдарламасы аяқталған командалық әлемнің кубогына қатысу үшін Азия құрамасына қосылды.

Элизабет Тұрсынбаева мен Денис Тен әлемнің командалық Кубогында Азия құрамасы атынан шықты

Турнир қорытындысы бойынша Солтүстік Америка құрамасы - 892,42 балл нәтижесімен жеңіске жетті. Екінші орында Еуропа командасы - 848,06, үшінші орында - Азия командасы (820,22).

Турнирде Азия құрамасы атынан шыққандар: жапондық Рика Хонго, Сатоко Мияхара мен Қазақстаннан Элизабет Тұрсынбаева (әйелдер, жекелей сырғанау); қытайлық Цзинь Боян, жапондық Сёма Уно мен қазақстандық Денис Тен (ерлер, жекелей сырғанау); қытайлықтар Ван Сюэхань/Ван Лэй мен жапондықтар Сумире Суто/Франсис Будро-Оде (жұп); корейліктер Ребека Ким/Кирилл Минов пен қытайлық Шиюэ Ван/Синьюй Лю (би).