Элизабет Тұрсынбаева Минскідегі турнирде бірінші келеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева Минскіде өтіп жатқан «Челленджер» турнирінің сериясына қатысуда, деп хабарлайды Sports.kz.

Элизабет Тұрсынбаева Минскідегі турнирде бірінші келеді

Қысқа және еркін бағдарламалардың нәтижесі бойынша Элизабет Тұрсынбаева 187,57 ұпаймен бірінші орында келеді. Ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Серафима Саханович 174,49 балмен - екінші, Оңтүстік Кореяның өкілі Ан Со Хюн 169,22 балмен үшінші орынға орналасты.