Элизабет Тұрсынбаева «Скейт Канада» Гран-при додасының бірінші күні 12-ші орынға табан тіреді

ЛЕТБРИДЖ. ҚазАқпарат - Летбриджде өтіп жатқан «Скейт Канада» Гран-при турнирінің 2-ші кезеңінің бірінші күнінде қысқа бағдарламада өнер көрсеткен мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева 12-ші орынға табан тіреді.
None
None

Бұл кезеңде «Скейт Канада» Гран-приі додасының жеңімпазы болып, америкалық спортшы Эшли Вагнер атанды (70,73). Одан аз ұпай жинаған (63,35) жапониялық спортшы Юка Нагаи екінші орынды, оның жерлесі Канако Мураками (59,79) үшінші орынды иеленді.

Қазақстандық спортшы 15 жастағы Элизабет Турсынбаева қысқа бағдарлама орындауда 12-ші орынға табан тіреді (49,84). Енді ол ертең Астана уақытымен түнгі 00-де өтетін қысқа бағдарламадан кейінгі турнирдің екінші бөлімінде өнер көрсетеді.

Соңғы жаңалықтар