Елизавета II Анджелина Джолиға рыцарь титулын тапсырды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Американдық актриса Анджелина Джоли Британия патшайымы Елизавета ІІ-ден Ханым титулына - рыцарьдің әйел адамға арналған баламасына ие болды, деп хабарлады БИ-би-си.
БҰҰ-ның арнайы уәкілі Джоли құрметті титулмен Халықаралық саясаттағы қызметі мен әскери қақтығыстар аймағындағы жыныстық жәбір көрсетуге қарсы күресі үшін марапатталды.
«Сыртқы саясатпен байланысты марапатты алу мен үшін өте маңызды, себебі мен өзімді осы жұмысқа арнағым келеді», - деді актриса.
Джоли «ханым» мәртебесін өзінің атынан қолдана алмайды, себебі ол Ұлыбритания немесе Британдық Ынтымақтастық елдерінің құзырындағы адам емес.
Титулдар мен ордендерді тапсыру Елизавета ІІ-нің Британияда бүгін тойланатын ресми туған күніне орайластырылған.