Елизавета II «Хитроу» әуежайының екінші терминалын ашады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондонның «Хитроу» әуежайының маусым айының басында пайдалануға берілетін екінші терминалы бір жылдың ішінде 20 миллионан астам жолаушыға қызмет көрсетеді.

Елизавета II   «Хитроу» әуежайының екінші терминалын ашады

«Хитроуды» дамыту жөніндегі директор Джон Холланд-Кэйдің айтуынша, қайта жаңғырту жұмыстарына 2,5 млрд. фунд стерлинг жұмсалған терминалдағы алғашқы рейс 4 маусымда қабылданбақ. Ал ресми ашылуы 23 маусымда болады. Жаңа кешенді қалыптасқан дәстүр бойынша Ұлыбритания ханшайымы Елизавета Екінші ашады, деп хабарлайды РИА Новости.