Елизавета ІІ қайтыс болған 50 мыңға жуық гомосексуалисті ақтады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлыбритания патшайымы Елизавета ІІ қайтыс болған 50-ге жуық гомосексуалист пен бисексуалдарды ақтайтын заңға қол қойды.
Құжат белгілі математик Алан Тьюрингтің есімімен аталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Комсомольская правдаға» сілтеме жасап.
Айта кетейік, 1952 жылы «Энигма» нацистік шифрін бұзған Тьюринг ер адаммен қатынасы бар деп айыпталған болатын. Жазалау ретінде тағайындалған - түрмеге отыру мен химиялық кастрация арасында, ол екіншісін таңдады. Екі жылдан кейін ол қайтыс болды. Өз-өзіне қол жұмсады деген болжам бар.
Тьюрингтің өлімінен кейін көптеген медиа-тұлғалар оны ақтауға үндеді. 2009 жылы экс-премьер Гордон Браун ғалым алдында кешірім сұрады. Математик тек 2013 жылы ақталды.
Енді міне, патшайымның жарлығымен гомосексуализм үшін сотталып, қайтыс болған 49 мыңға жуық адам ақталды.