Елизавета II мерейтойына 10 мың қонақ шақырады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлыбритания ханшайымы Елизавета II тоқсан жасқа толу мерейтойын ұлан-асыр тоймен атап өтпек, деп хабарлады www.24.kz.
Елдегі монархия тарихында бұрын-соңды болып көрмеген шараға 10 мың қонақ шақырылады, деп жазады The Times.
Мерейтойдың өтуіне әлі 1 жыл уақыт бар болса да, оған дайындық жұмыстары қазірден басталып кетті. Құрметті қонақтарға арналған үстел Лондондағы Мэлл көшесінің бойына 1 шақырым етіп жайылады екен. Құлашын кеңге сермейтін бұл шараны ұйымдастыру Sports & Entertainment Ltd (SEL) компаниясына жүктелді.
Айта кету керек, бұл фирма ханшайымның үлкен немересі Питер Филлипске тиесілі.