Елизавета ІІ-нің мерейтойы құрметіндегі флотилия Гиннес кітабына енді
АСТАНА. 5 маусым. ҚазАқпарат - 3 маусымда Елизавета ІІ патшайымның тақа отыруының 60 жылдығын мерекелеуге арналған Темза өзеніндегі флотилия әлемдегі ең үлкен кемелер шеруі ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енді, деп хабарлады Лента.ру.
Өзендегі салтанатты шеруге мыңға тарта кеме қатысты. Елизавета ІІ-нің өзі сондай-ақ корольдік отбасының басқа да мүшелері «Спирит оф Чартуэлл» баржасының бортында болды, бұл корольдік баржа салтанатқа орай қайта жаңғыртудан өткен болатын.
Шара үш сағат жарымға жуық уақыта созылды. Флотилияға жалпы саны 20 мың адам қатысты, ал оның шеруін 1,2 миллионға жуық адам тамашалады. Шеру Ұлыбританияның 22 қаласында үлкен экрандарда тікелей эфирден көрсетілді.
Темза өзені бойынша шеру Елизавета ІІ патшайым мерейтойының басты оқиғасы болды. Салтанат 2 маусымда басталған болатын және 5 маусымға дейін созылады.
Елизавета ІІ 1952 жылы британ тағына отырған болатын. Оның елді басқару ұзақтығы Ұлыбританияның бүкіл тарихында 63 жыл ел басқарған Виктория патшайымнан кейін екінші орын алады.