Елизавета ІІ патшайымның 98 жастағы ері ауруханаға түсті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлыбритания патшайымы Елизавета II-нің 98 жастағы жұбайы Филипп медициналық тексерістен өткізу үшін ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC-ге сілтеме жасап.

Елизавета ІІ патшайымның 98 жастағы ері ауруханаға түсті

«Эдинбург герцогі алдын алу шараларын жасау үшін ауруханаға жеткізілді», делінген Букингем сарайының хабарламасында. Филипп ханзада жеке дәрігерінің кеңесімен патша Эдуард VII атындағы Лондон ауруханасында тексерістен өтеді. Патшайымның 98 жастағы ерінің медициналық тексерістен өтуіне бұрынырақ белгілі болған сырқаты себеп. Ол ауруханада бірнеше күн жатады.