Елизавета ІІ жаңа сайт ашты

ЛОНДОН. Ақпанның 16-сы. ҚазАқпарат - Патшайым Елизавета ІІ британ монархиясының Интернеттегі жаңа сайтын ашты. Интернет-порталдың қонақтары енді Ұлы мәртебелінің әлем бойынша сапарларын да қадағалай алады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат «Эхо Москвы» радиостансасына сілтеме жасап. Порталдың ашылу рәсіміне Ұлыбританияның сандық даму жөніндегі министрі Том Уотсон, Интернеттің бас сервистері бірінің өнертапқышы сэр Тим Бернерс-Ли, Патшайымның отбасының өкілдері қатысты.Сайттың бұл жолғы нұсқасы ? үшінші жоба. Ауқымды жаңартулардан кейін сайттың сыртқы көрінісі жақсарып отыр. Оған қоса, бірнеше техникалық жаңалықтар да енгізілген. Мысалы, Google Earth спутниктік картасының көмегімен дәл осы сәтте Патшайымның қайда екенін білуге болады. Сондай-ақ, тұтынушылар Патшайымға хат та жолдай алады.
Соңғы жаңалықтар