Ёлка Астанада

АСТАНА. 6 сәуір. ҚазАқпарат - Ресейлік әнші Ёлка Астанаға келеді.
None
None

2012 жылдың 12 сәуірі күні Ресейдің бүгінгі күні танымал жас әншісі Ёлка Астанадағы «Қазақстан» Орталық концерт залында жеке концертін береді. Әнші елорданың ең үлкен сахнасында өтетін концертін 100 пайыз жанды дауыспен өткізуге уәде етуде.

2011 жыл Ёлка үшін өзгеріске толы болды, шығармашылығындағы жаңашылдықтар, жаңа образ, жаңа әндер мен хиттар әншіні миллиондаған фанаттың сүйіспеншілігіне бөледі. Көптеген музыкалық БАҚ нақ осы әншіні өткен жылдың ең танымал, тыңдарманы ең көп және келешегінен үлкен үміт арттыратын ресейлік орындаушы ретінде атады. 2011 жылы ол өзінің шығармашылығындағы «Точки расставлены» атты төртінші студиялық альбомын шығарды. Альбомның тұсаукесер рәсіміндегі аншлаг әншінің танымалдылығын тағы бір мәрте дәлелдеді.  Ёлканың «Прованс», «На большом воздушном шаре», «Около тебя» негізгі хиттары белгілі радиостансылардың эфирларынан түспей, Top-Hit-тардың алғашқы тізімінен осы күнге дейін көрініп келеді.

Соңғы жаңалықтар