Элмира Сыздықова Ресейдегі күрес турнирінде бас жүлде иеленді

КРАСНОЯР. ҚазАқпарат – Әйелдер күресінен Қазақстан командасының өкілі Элмира Сыздықова «Иван Ярыгин» беделді Гран-при турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Элмира Сыздықова Ресейдегі күрес турнирінде бас жүлде иеленді

Ол 76 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алды. Ақтық жарыста Сыздықова Беларусь спортшысы Ксения Дзибукты 15:4 есебімен ұтты.

Атап өтейік, жартылай финалда ол Мария Силинаны сенімді ұтқан. Жарыс Ресейдің Краснояр қаласында өтіп жатыр.