06:08, 05 Ақпан 2025 | GMT +5
Еліміз бойынша тұман түседі, көктайғақ болып, жел күшейеді – Қазгидромет
АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» РМК-сы ақпанның 5-і күнгі күн райы болжамын жариялады.

Кәсіпорын таратқан деректерге қарағанда, солтүстік антициклон әлі де Қазақстанның көп бөлігіндегі ауа-райына ықпал ететін болады. Соның салдарынан бүгін ел аймақтары негізінен жауын-шашынсыз болады.
Елдің батысында ғана антициклон фронталды бөліктерден өтіп, жаңбыр мен қар жауады. Қазақстан бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді, елдің солтүстік-батысында, шығысында, орталығында жаяу бұрқасын соғады.
Осыған дейін еліміздің 11 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланғанын хабарладық.