Елімізде 11-13 жас аралығындағы 1,6 мыңнан астам қыз бала АПВ-ға қарсы екпе алды

АСТАНА. KAZINFORM – Адам папиллома вирусына (АПВ) қарсы екпе салу үшін еліміздің өңірлеріне вакцияна жеткізілді. Бұл туралы ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің вакцинамен басқарылатын инфекцияларды бақылау басқармасының басшысы Нұршай Әзімбаева айтты.

вакцинация
Фото: stopfake.kz

«Қыркүйек айында барлық өңірге вакцина жеткізілді. Еліміздің 9 өңірінде – Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Павлодар, Жетісу, Түркістан, Ұлытау, Ақмола облыстарында және Астана қаласында АПВ-ға қарсы вакцинация басталды. АПВ вакцинациясының барысына күнделікті мониторинг жүргізіледі. Қазіргі кезде республика бойынша 11-13 жас аралығындағы 1,6 мыңнан астам қыз бала АПВ-ға қарсы екпе алды», - деді Н.Әзімбаева Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, өңірлердің дайындығын және аудандар, медициналық ұйымдар бойынша вакцинаны жеткізу әрі тарату мерзімдерін ескере отырып, 6 өңірде АПВ-ға қарсы вакцинация осы аптада басталады (Абай, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары). Қалған 5 өңірде вакцинацияның басталуы келесі аптаға жоспарланған (30 қыркүйек – 1 қазан аралығы).

Вакцинаның 175,8 мың доза көлеміндегі екінші париясының келуі биылғы қараша айына жоспарланған.

Вакцинация мектептердің медициналық кабинеттерінде ата-аналардың немесе заңды өкілдердің ақпараттандырылған келісімін алғаннан кейін жүргізіледі. Ата-аналардың қалауы бойынша вакцинация тіркелген жері бойынша емханаларда да жүргізілуі мүмкін.
Елімізде қолданылатын АПВ-ға қарсы «Гардасил» вакцинасын ДДСҰ сертификаттан.

«Айта кететін жайт - вакцина +2-ден +8°С-қа дейінгі температуралық режимді сақтауды талап етеді. Осындай температуралық тәртіпті сақтау үшін өңірлердің медициналық ұйымдары тоңазытқыш жабдықтармен және термоконтейнерлермен қамтамасыз етілген. Өңірлердің орталық қоймалары деңгейінде шамамен үлкен 30 тоңазытқыш камерасы бар, медициналық ұйымдарда 8 мыңнан астам тоңазытқыш және 10 мыңнан астам термоконтейнер жасақталған», - деді басқар басшысы.

ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2024 жылғы 17 қыркүйектегі № 11 қаулысы қабылданды, онда медицина қызметкерлері үшін АПВ-ға қарсы вакцинациялау бойынша тиісті ұйымдастыру іс-шаралары мен алгоритм айқындалды. ҚР Ұлттық вакцинация күнтізбесіне сәйкес, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымын және Қазақстандағы Халықты иммундау жөніндегі сарапшылардың ұлттық техникалық консультативтік тобының шешімін ескере отырып, елде 11 жастағы қыздарға вакцина егу басталды. Сонымен қатар, 11 жастан асқан қыздардың ата-аналарының өтініштерін ескере отырып, 12 және 13 жастағы қыздарды АПВ-ға қарсы иммундау жүргізіліп жатыр. Ұлттық вакцинация күнтізбесіне және өндірушінің нұсқауларына сәйкес, АПВ-дан қорғау үшін 6 ай аралығын сақтай отырып, вакцинаның екі дозасын алу қажет.

Бұдан бұрын елордада адам папиллома вирусына (АПВ) қарсы вакцинация науқаны басталғанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар