Елімізде 12 қыркүйек күні өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасы

АСТАНА. KAZINFORM – Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстанда 12 қыркүйек күні болатын маңызды іс-шаралар аңдатпасын ұсынады.

алыш
Фото: Kazinform

АСТАНА

10:00-де Астананың бірнеше спорт ғимаратында 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойыны өтеді.

10:00-де ҚР Ұлттық биотехнология орталығында «Астана Биотех» конференциясы өтеді.

11:30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Адам саудасына қарсы іс-қимыл саласында қабылданып жатқан шаралар туралы» дөңгелек үстелі өтеді.

15:00-де ҚР Ұлттық музейінде ҚР Халық әртісі, композитор және мультиинструменталист Димаш Құдайбергенге арналған «Дүние дидарындағы Димаш» атты көрме ашылады.