Елімізде 1,5 мың тереңдіктегі алтын мен мыс кен орындарын зерттеу қолға алынады

АСТАНА. KAZINFORM – Елімізде 1,5 мың тереңдіктегі алтын мен мыс кен орындарын зерттеу қолға алынады. Бұл туралы Үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев айтты. 

70-ке жуық бағалы металдар кен орындары аукционға шығарылады
Фото: kazminerals.com

- Елімізде соңғы геофизикалық жұмыстар жарты ғасыр бұрын жүргізілген. Заманауи геофизикалық жұмыстар - ең алдымен аэрогеофизикалық зерттеу жер қойнауының құрылымы туралы сапалы ақпаратты жылдам әзірлеудің бірден-бір әдісі саналады. Пилоттық жоба аясында Қазақстанның перспективалы өңірлерін, оның ішінде Солтүстік Балқаш және Қалба-Нарым аймағын қамту көзделіп, жаңа перспективалық аумақтар анықталатын болады, - деді ол.

Министрдің атап өтуінше, геологиялық деректерді цифрландыру аясында жасанды интеллекті және ақпаратты өңдеудің инновациялық әдістерін қолдану жоспарланған. Жасанды интеллект еліміздің жер қойнауы туралы ақпаратты жылдам өңдеп, деректерді тиімді талдауға мүмкіндік береді.

Осы жылдың мамыр айында Тау-Кен Самұрық және Ivanhoe Electric арасында бірлескен геологиялық барлау жүргізу үшін ынтымақтастық туралы келісім жасалды. Ivanhoe Electric геофизика бойынша әлемдегі көшбасшылардың бірі. Компания ойлап тапқан Typhoon технологиясы арқылы мыс, алтын және күміс кен орындарын 1,5 шақырым тереңдікте зерттеу жүргізілетін болады, - деді Қанат Шарлапаев.

Бұған дейін Қанат Шарлапаев қандай пайдалы қазбалар бойынша геологиялық барлау жүргізу қажеттігін айтты

Соңғы жаңалықтар