Елімізде 3 сәуір күні өтетін маңызды шаралар аңдатпасы
АСТАНА. KAZINFORM – «Kazinform» Халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстанда 3-ші сәуір күні өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.
АСТАНА
10:00-де Мәжілістің жалпы отырысы өтеді.
10:00 «Көмір химиясы Қазақстан экономикасы дамуының жаңа бағыты» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтеді. Өтетін жері: Сарыарқа 4.
11:30-де «Астана Балет» театрының гастрольдік қызметі туралы» баспасөз конференциясы
15:00-де ҚР Парламенті Сенатының мәжілісі өтеді.
17.00-де ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ баспасөз конференциясы «Электр энергетика саласын одан әрі дамыту туралы».
АЛМАТЫ
17:30-да «Өрлеу» хореографиялық оқу орындарының VI Халықаралық фестивалінің баспасөз-мәслихаты. Өтетін орны: Әл-Фараби 30.