Елімізде 4 сәуір күні өтетін маңызды шаралар аңдатпасы
АСТАНА. KAZINFORM – «Kazinform» Халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстанда 4-ші сәуір күні өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.
АСТАНА
11:00-де Астана қалалық коммуникациялар қызметінде «Интернет-алаяқтық бойынша алдын алу іс-шараларының барысы туралы» тақырыбында баспасөз-мәслихаты өтеді.
11.00-де Астанада қалалық инклюзивті білім беру ресурстық орталығының салтанатты ашылуы өтеді.
13:30-да студенттердің эуологиялық жобаларының теңдесі жоқ Sustainability Living Lab (SLL) сынақ алаңы бағдарламасының конференциясы. Өтетін орны: Назарбаев университеті.
14:30-де ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ Баспасөз конференциясы «Геологиялық барлау саласындағы жаңа тәсілдер».