Елімізде Алатау деген жаңа қала пайда болады

Алматы облысына қарасты Жетіген ауылы облыстық маңызы бар қала санатына ауыстырылмақ, деп хабарлайды Kazinform.

ауыл
Фото: Жетіген ауылы. Wikipedia

«Алматы облысы Іле ауданының Жетіген ауылы облыстық маңызы бар қала санатына жатқызылсын. Алматы облысында құрылған жаңа қалаға Алатау атауы берілсін», - делінген ашық НҚА порталында жарияланған «Алматы облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасында.

Осы жылдың 29 қарашасына дейін жария талқылауға шығарылып отырған аталған Жарлықты іске асыру жөніндегі қажетті шараларды Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайды.

Жетіген — Алматы облысы Іле ауданындағы ауыл, Жетіген ауылдық округінің орталығы, темір жол стансасы.

Соңғы жаңалықтар