Қазақстанда алтынның небары 20 мың тоннадай қоры бар

золото
Фото: pixabay

АСТАНА. KAZINFORM – Елімізде жыл сайын өндірілетін алтынның көлемі белгілі болды. 

«Қазір елімізде 2300 тонна алтын қоры бар. Бұл – геологиялық запас. Қазақстанда жылына 90 тонна алтын өндіріледі. Жалпы 20-25 жылға жететін алтын қоры бар. Біздің болжам бойынша елімізде алтынның қоры 20 мың тоннаға жетеді. Бұл дегеніміз бүгінде барлау жұмыстары бітіп, өңделіп жатқан алтын қоры», - деді Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитетінің төрағасы Ерлан Ақбаров ОҚК-де өткен брифингі барысында сауалға жауап бере тұрып.

Сондай-ақ, Геология комитеті төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы Қанат Ерубаев алтынды барлау кезінде оның қоры қайта толығатынын айтты.

«Жеке жер қойнауын пайдаланушылар барлау кезінде алтынның қоры үнемі толықтырылып отыратынын атап өту қажет. Яғни, алтынды өндірген кезде, сол сәтте оның қоры жаңартылады», - деп толықтырды.

Айта кетсек, брифинг барысында елімізде геологиялық зерттеулерге жылына қанша қаржы бөлінетіні айтылды.

 

Соңғы жаңалықтар