11:49, 19 Ақпан 2024 | GMT +5
Елімізде апта ішінде 9 кісі өлімі тіркелді
АСТАНА. KAZINFORM – Өткен аптада ел аумағында тоғыз адам өлімі болған.
«Елдегі криминогендік жағдайға тоқтала кетсем, бір апта ішінде 2568 қылмыс жасалды. Соның ішінде 1605 қылмыс тәулік ішінде ашылды. Атап айтқанда, 9 кісі өлімі, 6 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана зиян келтіру, 3 қарақшылық, 20 тонау және 293 ұрлық жасау», - деді Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек ведомствода өткен баспасөз мәслихатында.