Елімізде апта ішінде қандай ауыс-түйіс болды

Елімізде апта ішінде болған кадрлық тағайындаулар
Фото: pexels.com

АСТАНА. KAZINFORM – Осы аптада елімізде орталық жергілікті атқарушы органдарда бірқатар кадрлық тағайындау болды. 

Апта басында Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасарларын тағайындады. Осылайша, Лугмар Харкиевич Буларов және Юрий Германович Шин Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарлары болып тағайындалды.

Бақытжан Мұратұлы Жүнісбеков ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Ол 1981 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. М.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін, Халықаралық қазақ-түрік университетін бітірген. Еңбек жолын 2002 жылы Жамбыл облысы прокуратурасы Қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлімінің маманы болып бастаған.

Ол 2004 жылы — Жамбыл облысы әкімдігінің «Жер сілкінісінен зардап шеккен тұрғын үй және әлеуметтік-мәдени-тұрмыстық объектілерді салу және қалпына келтіру дирекциясы» МКК инженер-операторы, 2004-2005 жылдары — Жамбыл облысы Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының инженер-механигі, 2005-2006 жылдары Жамбыл облысы бойынша Сәулет-құрылысты бақылау, инспекциялау және лицензиялау басқармасы бөлімінің жетекші маманы, 2006-2010 жылдары Жамбыл облысы Сәулет және қала құрылысы басқармасының жетекші маманы, бас маманы болған.

2010-2012 жылдары Жамбыл облысы әкімдігі Құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бөлімінің бас маманы, 2012-2013 жылдары Жамбыл облысы әкімдігі Қаржы басқармасы бөлімінің бас маманы.

2013-2017 жылдары Жамбыл облысы әкімдігі Білім басқармасы Мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы, 2017-2018 жылдары Жамбыл облысы әкімдігі Құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары, 2018-2020 жылдары Жамбыл облысы әкімдігі Құрылыс басқармасы басшысының орынбасары болды. 2020-2022 жылдары Жамбыл облысы әкімдігі Мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы, 2022-2023 жылдары ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі комитеті төрағасының орынбасары – ҚР бас мемлекеттік құрылыс инспекторының орынбасары, 2023 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және ТКШ істері комитеті төрағасының орынбасары – ҚР бас мемлекеттік құрылыс инспекторының орынбасары болды.

Назгүл Рахметуллина Жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы болып тағайындалды.

Назгүл Рахметуллина 1978 жылы туған, ШҚО тумасы. Ол 2000 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген және 2000-2004 жылдары Шығыс Қазақстан облыстық сотының маманы, 2004-2015 жылдары Өскемен қаласы № 2 сотының судьясы, 2015-2020 жылдары Шығыс Қазақстан облыстық сотының судьясы болды. Ал 2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының судьясы болды.

Талғат Ибрашев Алматы облыстық сотының төрағасы болып тағайындалды. Ол 1969 жылы туған, Қостанай облысының тумасы. Орал мемлекеттік заң академиясын бітірген. 1993-1996 жылдары кеден органдарында қызмет етті, 1996-1997 жылдары Торғай облыстық сотының аға кеңесшісі, 1997-1999 жылдары Арқалық қалалық сотының судьясы, 1999-2004 жылдары Қостанай облыстық сотының судьясы, 2004-2010 жылдары Қостанай аудандық сотының төрағасы, 2010-2012 жылдары Қостанай қаласы әкімшілік сотының төрағасы, 2012-2016 жылдары Рудный қалалық сотының төрағасы болған. Ал 2016 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Жоғарғы сотының судьясы болған.

Ербол Рахымбеков Маңғыстау облыстық сотына төраға болып тағайындалды. Ол 1964 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. 1989 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірді.

1989-1990 жылдары – СҚО Жамбыл ауданының нотариаттық конторасының нотариусы; 1990-1991 жылдары СҚО Жамбыл ауданының халық кеңесінің депутаттары президиумының заңгері; 1991-1994 жылдары СҚО Булаев аудандық сотының судьясы, 1994-1996 жылдары Қарағанды облысының Нұра аудандық сотының судьясы, 1996-2000 жылдары Қарағанды облысының Нұра аудандық сотының төрағасы, 2000-2001 жылдары Қарағанды қаласы Октябрь аудандық сотының Киров сот учаскесінің аға судьясы, 2001-2001 жылдары Қарағанды қаласының №3 Октябрь аудандық сотының судьясы, 2001-2002 жылдары Қарағанды қаласының №3 Октябрь аудандық сотының төрағасы болған.

2002-2008 жылдары Қарағанды облысы Теміртау қалалық сотының төрағасы, 2008-2010 жылдары Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық сотының төрағасы, 2010-2012 жылдары СҚО облыстық сотының апелляциялық сот алқасының төрағасы, 2012-2014 жылдары Солтүстік Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы, 2014-2016 жылдары Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотының төрағасы, 2016-2018 жылдары ҚР Жоғарғы Сотының судьясы, 2018 жылдан бүгінге дейін Шымкент қалалық сотының төрағасы қызметін атқарды.

Құндызбек Әбдірасылов ҚР Жоғары аудиторлық палатасы Аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды. Ол 1982 жылғы 16 қарашада дүниеге келген. «Әулие Ата» университетін және Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетін бітіріп, ақпараттық жүйелер, қаржы және құқық салалары бойынша білім алған. 2023 жылы РФ СІМ Дипломатиялық академиясын «экономика магистрі» мамандығы бойынша аяқтады.

Еңбек жолын 2005 жылы Жамбыл облысы Байзақ ауданы бойынша Салық комитеті Салық тіркеу бөлімінің штаттан тыс қызметкері болып бастап, кейін бас маман болып жұмыс істеген. 2007-2010 жылдар аралығында «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Мемлекеттік деректер базасы департаментінің бас маманы болып қызмет атқарды. 2010-2014 жылдары – Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің сарапшысы, бас сарапшысы, басқарма басшысы. 2014-2018 жылдар аралығында ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің Астана қаласы бойынша статистика департаментінің бас сарапшысы, департамент басшысының орынбасары, департамент басшысы болып жұмыс істеді.

2018 жылы ҚР Қаржы министрінің кеңесшісі болып тағайындалды. 2019-2021 жж. – ҚР Премьер-Министрі орынбасарының кеңесшісі, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Кадр жұмысы бөлімінің бас инспекторы. 2021-2022 жж. – Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты министрі Хатшылығының басшысы. 2022-2023 жылдар аралығында ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі, ҚР Премьер-Министрі Хатшылығының меңгерушісі болып қызмет атқарды. 2023-2024 жж. – ҚР Үкіметі Аппараты басшысының орынбасары. 2024 жылғы сәуірде Жоғары аудиторлық палата төрағасымен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша ҚР Жоғары аудиторлық палатасы Аппаратының басшысы болып тағайындалды.

Нұрлан Сейтімов ТМД Бас хатшысының орынбасары болып тағайындалды. Ол 1964 жылы 9 шілдеде дүниеге келген. Семей технологиялық институтын және әл-Фараби атындағы қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген. Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын үздік бітірген. Саясат ғылымдарының кандидаты, неміс тілін біледі. Қазақстан Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі дипломатиялық дәрежесі бар. «Құрмет» орденімен марапатталған. Үйленген, ұл, қызы бар.

Уцав Кумар Азия даму банкі Қазақстан бойынша жаңа директоры болып тағайындалды. Уцав Кумар - Үндістан азаматы, АҚШ-тағы Колледж паркінде Мэриленд университетінің экономика ғылымдарының докторы және магистрі, Үндістандағы Дели университетінің экономика магистрі және бакалавры.

Оның 18 жылдық халықаралық тәжірибесі бар, оның ішінде Азия даму банкінде 11 жылдан аса еңбек етіп келеді. Қазақстанда лауазымды қызметке тағайындалғанға дейін ол Шри-Ланкадағы Азия даму банкінің ел директорының орынбасары қызметін атқарды. У.Кумар елдік бағдарламалар, білім және экономика бойынша жұмысты басқарды, сонымен қатар клиенттермен өзара әрекеттесудің және даму серіктестерін үйлестірудің әртүрлі аспектілерін басқаруға көмектесті.

Спортшы Ақжүрек Таңатаров Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының «№7 облыстық мамандандырылған балалар- жасөспірімдер спорт мектебі» КММ басшысы болып тағайындалды.

А.Таңатаров 1986 жылы 3 қыркүйекте дүниеге келген. Ол 2010 жылы Қ.А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы, 2013 жылы Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде «Құқықтану» мамандығы, 2015 жылы Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтары бойынша білім алған.

Еңбек жолын 2006 жылы Астана қаласында ҚР Туризм және спорт министрлігі спорт комитетінің «Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві» РМКҚ нұсқаушы- спортшы қызметінде бастаған. 2011 жылы Астана қаласында ҚР Туризм және спорт министрлігі спорт комитетінің «Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві» РМКҚ нұсқаушы-спортшы; 2017 жылы Астана қаласы, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві» РМКҚ нұсқаушы-спортшы; 2018 жылы Тараз қаласында «Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы №5 облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі басшысы;

2021 жылы Тараз қаласы «Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы Олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» КММ басшысы; 2023 жылы Тараз қаласы «Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы бұқаралық-спорттық шаралар өткізу орталығы» КММ басшысы; 2023 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы бұқаралық-спорттық шаралар өткізу орталығы» КММ басшысы; 2024 жылы Жамбыл облысы әкімінің спортты дамыту жөніндегі кеңесшісі қызметтерін атқарған.

Соңғы жаңалықтар