Елімізде апта ішінде болған кадрлық тағайындаулар

АСТАНА. KAZINFORM – Осы аптада министрліктерде бірнеше тағайындау болды. Сонымен қатар Қазақстан Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшысының орынбасары қызметіне кірісті.

Елімізде апта ішінде болған кадрлық тағайындаулар
Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform

Қазақстан Үкіметінің қаулысымен Арай Асылбекқызы Оразова Оқу-ағарту вице-министрі болып тағайындалды. 

Тағайындау
Фото: primeminister.kz

Арай Оразова 1988 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін, А.Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтын бітірген. Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.

Еңбек жолын 2009 жылы коммерциялық құрылымда IT менеджер болып бастады. 2011 жылдан 2018 жылға дейін «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ жобалық кеңсесінің жетекші маманы, бірқатар құрылымдық бөлімшелердің бас маманы, сынаушысы, талдаушысы, бизнес-талдаушысы болды.

2018-2020 жылдары — «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» АҚ деректерді басқару кеңсесінің бас талдаушысы, жобалардың бас менеджері.

2020-2021 жылдары — ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Цифрландыру департаменті директорының орынбасары.

2021 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

*

Аптаның басында ҚР Үкіметінің қаулысымен Серік Төлеуғалиұлы Төленбергенов Төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалды.

тағайындау
Фото: ҚР Үкіметі

Серік Төленбергенов 1974 жылы Семей облысында дүниеге келген. Кәсіптік-техникалық училищесін, Р. Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық техникумын, Қазақстан-Америкалық университетін, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын 1995 жылы жеке ұйымда бухгалтер болып бастаған.

1997-1998 жылдары ҚР Қаржы министрлігі Семей облысы және Өскемен қаласы бойынша басқармасының бақылаушы-ревизоры болып жұмыс істеді. 2000 жылдан 2009 жылға дейін — жеке құрылымдарда. 2009-2010 жылдары — Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің бас маманы, бөлім басшысы. 2010-2011 жылдары — Риддер қаласы әкімінің орынбасары. 2011-2012 жылдары — Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы.

2012-2013 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының әкімі болып қызмет атқарды. 2013-2014 жылдары — Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы. 2016-2019 жылдары — басқарма басшысы, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары. 2019-2020 жылдары — «Бәйтерек» ҰБХ басқарма төрағасының кеңесшісі. 2021-2022 жылдары жеке құрылымда жұмыс істеді. 2022-2023 жылдары — коммуналдық кәсіпорын директоры, Семей қаласы мәслихатының депутаты.

2023 жылдың қазан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін — Абай облысы әкімдігі Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысы.

*

ҚР Үкіметінің қаулысымен Лаура Мерсалимова уақытша Әділет вице-министрі болып тағайындалды. 

тағайындау
Фото: ҚР Үкіметі

Ол 1981 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген. Қазақ гуманитарлық-заң университетін, РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясы Корпоративтік басқарудың жоғары мектебін бітірген.

Еңбек жолын 2002 жылы ҚР Әділет министрлігі Азаматтық хал актілерінің жазбасы істері бөлімінің жетекші маманы болып бастады.

2003-2010 жылдары — ҚР ӘМ жетекші маман, бас маман, бөлім бастығы, басқарма бастығы. 2010-2014 жылдары — ҚР ӘМ департаменті директорының орынбасары. 2014 жылы ҚР тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Заң қызметі департаментінің директоры болды. 2014-2023 жылдары — «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасында департамент директорының орынбасары, басқарушы директор – департамент директоры.

2023 жылғы наурыздан бастап қазіргі уақытқа дейін — «Атамекен» ҰКП басқарушы директоры – Заңнама департаментінің директоры.

*

ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен полковник Мирас Құдайбергенұлы Тұрдалин Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшысының орынбасары болып тағайындалды. 

«Батыс» өңірлік қолбасшылығы
Фото: «Батыс» өңірлік қолбасшылығы

Мирас Тұрдалин аталмыш лауазымға тағайындалғанға дейін Ұлттық ұланның Ақтөбе қаласындағы 6655 әскери бөлімінің командирі қызметін атқарды.

Айта кетейік, бұған дейін «Батыс» өңірлік қолбасшысының орынбасары болған полковник Павел Александрович Ситников «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына дәл осындай қызметке ауысты.

*

«Ұлттық балаларды оңалту орталығы» КЕАҚ басшы лауазымына Ажар Ғиният келді. 

«Ұлттық балаларды оңалту орталығы»
Фото: «Ұлттық балаларды оңалту орталығы»

Ажар Ғиният Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын «Педиатрия» мамандығы бойынша, Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару менеджері» мамандығы бойынша және Алматы Менеджмент университеті «МВА іскерлік әкімшілендіру магистрі» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1993 жылы Атырау қаласының №2 қалалық емханасында учаскелік педиатр болып бастаған.

1994 - 1999 жылдары - Ақтау қаласының №1 Медициналық санитарлық бөлімінің меңгерушісі.

1999-2001 жылдары - Маңғыстау жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары.

2001-2005 жылдары - Маңғыстау облысының Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары.

2005-2006 жылдары - Маңғыстау облысы денсаулық сақтау департаментінің директоры.

2008-2017 жылдары - ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің басқарма басшысы, департамент директоры.

2017-2020 жылдары - ҚР Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы басшысының орынбасары.

2020-2022 жылдары - ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі.

2022-2024 жылдары - ҚР Денсаулық сақтау министрі қызметін атқарды.

Соңғы жаңалықтар