Елімізде апта ішінде қандай кадрлық өзгеріс болды
АСТАНА. KAZINFORM – Өтіп бара жатқан апта ішінде елімізде бірқатар кадрлық ауыс-түйіс болды. Kazinform агенттігі 12-18 қазан аралығындағы жаңа кадрлық тағайындауларға шолу ұсынады.
Аптаның алғашқы күні Абай облысы туризм басқармасының басшысы лауазымына Қуаныш Әбілдаев тағайындалды.
Қуаныш Әбілдайұлы 1989 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. 2011 жылы Қазақ гуманитарлық-заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша, 2014 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Экономика» мамандығы бойынша, 2024 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистратурасын «Мемлекеттік саясат» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2009 жылы Қызылорда облысы Жалағаш аудандық сотында бастаған. 2011-2016 жылдары сот актілерін орындау және мемлекеттік қызмет салаларында түрлі лауазымдар атқарған. 2016-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы, Қызылорда облысы ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.
2025 жылғы наурыздан 2026 жылғы сәуірге дейін Семей қаласы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеген. Сондай-ақ Абай облысының Бала құқықтарын қорғау басқармасының басшысы міндетін атқарған.
2026 жылғы тамыздан бастап осы уақытқа дейін Абай облысы Туризм басқармасының туризмді дамыту бөлімінің басшысы қызметін атқарды.
Абай облысы су ресурстары және ирригация басқармасының басшысы лауазымына Асхат Смаилов тағайындалды.
Асхат Сайдахметұлы 1968 жылы 1 наурызда Семей облысы Ақсуат ауданы Қызыл-Кесік ауылында дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік университетін «Бухгалтерлік есеп» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1991 жылы Ақсуат аудандық қаржы бөлімінде кірістердің түсуін болжау және экономикалық талдау бойынша аға экономист ретінде бастады.
1997-2002 жылдары Тарбағатай ауданы қаржы бөлімі меңгерушісінің орынбасары, 2002-2005 жылдары Тарбағатай аудандық экономика бөлімінің басшысы, 2005-2007 жылдары Тарбағатай ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды.
2007-2009 жылдары Тарбағатай аудандық қаржы бөлімінің, экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бастығы, Көкжыра ауылының әкімі, 2009-2010 жылдары Тарбағатай ауданы әкімі аппаратының басшысы, 2010-2018 жылдары Тарбағатай ауданы әкімінің орынбасары болды.
2018-2020 жылдары Көкпекті ауданының әкімі, 2020-2022 жылдары Тарбағатай ауданының әкімі лауазымдарында еңбек етті.
2022-2024 жылдары Абай облысы Ақсуат ауданының әкімі, 2024-2025 жылдары Абай облысы қаржы басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.
2025 жылдың ақпан айынан осы уақытқа дейін Абай облысы әкімінің кеңесшісі қызметін атқарған.
Ерлан Гомаров Теміртау қаласы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды. Бұған дейін ол қала әкімінің аппаратын басқарған, сондай-ақ жер қатынастары бөлімінің басшысы болған.
Ерлан Гомаров 1990 жылғы 23 наурызда Теміртау қаласында дүниеге келген. 2011 жылы академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша тәмамдап, құқық бакалавры дәрежесін алған.
Еңбек жолын 2012 жылы Теміртау қаласының жер қатынастары бөлімінде бастаған. Әр жылдары осы бөлімде және қала әкімінің аппаратында бас маман, бас маман-заңгер, мемлекеттік-құқықтық бөлімнің басшысы қызметтерін атқарған.
2021–2025 жылдары Теміртау қаласының жер қатынастары бөлімін басқарды. 2025 жылғы қыркүйектен 2026 жылғы қазанға дейін қала әкімінің аппарат басшысы болды.
Абай облысы балалар құқықтарын қорғау басқармасының басшысы болып Айжан Мұқатова тағайындалды.
Айжан Дәуітбекқызы 1998 жылы Алматыдағы Абылай хан атындағы Қазақ мемлекеттік халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін «ағылшын тілі мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1998 жылы Семейдегі Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық колледжде ағылшын тілі мұғалімі болып бастаған.
2007-2017 жылдары аталған колледждің ағылшын тілі бөлімінің меңгерушісі, 2017-2025 жылдары Семей қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің жоғары санатты педагогі болды. Осы мектептің KIVA бағдарламасының мүшесі, буллинг және кибербуллинг бойынша жұмыс тәжірибесі бар.
Осы тағайындауға дейін Семей медициналық колледжі директорының стратегиялық дамыту жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
Мемлекет басшысының жарлығы бойынша Ермек Көшербаев Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі лауазымына тағайындалды.
Қазақ КСР Сыртқы істер министрлігінің құпия құжаттарды басқару жөніндегі аға инспекторы (08.1988-09.1988 жж)
Қазақ КСР Сыртқы істер министрінің көмекшісі (09.1988-10.1989 жж)
Қазақ КСР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз және ақпарат бөлімінің бірінші хатшысы (11.1989-06.1990 жж)
Қазақ КСР Сыртқы істер министрлігінің консулдық бөлімінің бірінші хатшысы (06.1990-09.1991 жж)
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Азия елдері басқармасының бірінші хатшысы (05.1993-08.1993 жж)
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік протокол басқармасының бірінші хатшысы (08.1993-12.1993 жж)
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік протокол басқармасы бөлімінің меңгерушісі (12.1993-06.1994 жж)
Қазақстан Республикасы Президенті Аппаратының халықаралық бөлімінің кеңесшісі (06.1994-01.1996 жж)
Қазақстан Республикасы Президентінің Протокол қызметі басшысының міндетін атқарушы (01.1996-04.1996 жж)
Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Елшілігінің бірінші хатшысы, Берн қаласы (04.1996-08.1997 жж)
Алматы қаласындағы көпжақты ынтымақтастық департаментінің Азиялық қауіпсіздік бөлімі бастығы (08.1997-10.1997 жж)
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің көмекшісі (10.1997-11.1999 жж)
«Нұрсұлтан Назарбаев Білім қоры» қоғамдық қорының коммерциялық және жалпы мәселелер жөніндегі директор орынбасары (01.2000-05.2000 жж)
«Нұрсұлтан Назарбаев Білім қоры» қоғамдық қорының бірінші директор орынбасары (05.2000-10.2000 жж)
«ҚазТрансОйл» мұнай тасымалдау ұлттық компаниясының баспасөз қызметінің жетекшісі (10.2000-01.2001 жж)
«ҚазТрансОйл» мұнай тасымалдау ұлттық компаниясы президентінің аппарат жетекшісі (01.2001-06.2001 жж)
«Мұнай және газ тасымалы» ұлттық компаниясының аппарат жетекшісі (06.2001-03.2002 жж)
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы президентінің аппарат жетекшісі (03.2002-01.2003 жж)
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының бірінші вице-президентінің кеңесшісі (01.2003-03.2003 жж)
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы президентінің аппарат жетекшісі (03.2003-12.2003 жж)
«Рауан Медиа Групп» АҚ бас директоры (12.2003-05.2004 жж)
«Отан» республикалық саяси партиясы орталық аппаратының бірінші жетекшісінің орынбасары (05.2004-08.2004 жж)
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы президентінің аппарат жетекшісі (08.2004-04.2005 жж)
«Атамекен» кәсіпкерлер және жұмыс берушілер ұлттық одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің бірінші атқарушы директоры (04.2005-05.2006 жж)
«Отан» республикалық саяси партиясының орталық аппаратының жетекшісі (05.2006-02.2007 жж)
«Бүркіт» қаржы-өнеркәсіп тобы» ЖШС директоры, Астана қаласы (02.2007-07.2007 жж)
Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдары қауымдастығы «KazEnergy» атқарушы директоры, Астана қаласы (11.2007-04.2008 жж)
«Рауан Медиа Групп» АҚ бас продюсері, Астана қаласы (04.2008-05.2008 жж)
«Рауан Медиа Групп» АҚ бас директоры, Астана қаласы (05.2008-02.2009 жж)
«Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы басқарма төрағасы, Семей қаласы (02.2009-07.2010 жж)
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары міндетін атқарушы (07.2010-09.2010 жж)
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары (09.2010-10.2012 жж)
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары (10.2012-12.2014 жж)
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі (12.2014-10.2016 жж)
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы (10.2016-05.2018 жж)
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы (05.2018-01.2019 жж)
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары (01.2019-01.2020 жж)
Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (01.2020-16.06.2023 жж)
Шығыс Қазақстан облысының әкімі (16.06.2023-14.02.2025)
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары (14.02.2025 - 26.09.2025)
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі (26.09.2025 бастап)
Білімі
Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті (1982-1988 жж)
Мамандығы – тарихшы, шет тілінде оқытатын тарих пәнінің оқытушысы
КСРО Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясы (1991-04.1993 жж)
Мамандығы – халықаралық қатынастар және сыртқы саясат, дипломат
Марапаттары
«Құрмет» ордені (12.2018 ж)
Мемлекет басшысының жарлығы бойынша Еркін Тұқымов Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.
Ол 1973 жылы Өзбекстанда, Терміз қаласында туған.
1997 жылы Варшама халықаралық қатынастар институтын үздік бітіріп, 2004 жылы ҚР Ғылым академиясының Философия және саясаттану институтының аспирантурасын тамамдады.
Еңбек жолын 1997 жылы ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты сыртқы саяси зерттеулер бөлімінің аға ғылыми қызметкері ретінде бастады.
2000-2005 жылдары ҚСЗИ сыртқы саясат бөлімінің меңгерушісі.
2005-2007 жылдары Орталық Азия демократияны дамыту қорының бас директоры болды.
2007-2008 жылдары ҚР Президенті әкімшілігінде ақпараттық-талдау орталығының стратегиялық талдау секторының меңгерушісі, Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығының стратегиялық халықаралық ықпалдастық секторының меңгерушісі қызметтерін атқарды.
2008 жылдың маусымында ҚР Сыртқы істер министрлігі Орталық Азия департаменті директорының орынбасары, кейіннен департамент директоры болды.
2010 жылғы қаңтар айында Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Талдау бөлімінің меңгерушісі болды.
Қазақстанның Қазандағы бас консулы лауазымына 2018 жылы тағайындалды.
2019 жылы Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінің кеңесші-елшісі болды.
2022 жылғы қаңтар – 2025 жылғы маусым: ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының (ҚСЗИ) директоры болды.
2025 жылғы маусымнан бастап: Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі және ҚР Президентінің Ауғанстан бойынша арнайы өкілі қызметін атқарды.
Дипломатиялық дәрежесі - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ІІ сыныпты кеңесшісі.
«Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медальдарымен марапатталған.
ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитеті төрағасының бұйрығымен Сәкен Қасымов Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы болып тағайындалды.
СҚО әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Сәкен Жұмағалиұлы 46 жаста. Қызылорда облысының тумасы. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетін «Бухгалтерлік есеп және аудит», «Заңгер» мамандықтары бойынша тәмамдаған.
Әр жылдары Алматы қаласының Қазынашылық департаментінде, Астана қаласының Салық комитетінде жетекші және бас маман болып жұмыс істеген. ҚР Қаржы министрлігінде сарапшы, бас сарапшы лауазымдарын атқарған. Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстары бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменттерінде басшының орынбасары және басшы болып қызмет еткен.
Осы тағайындауға дейін Сәкен Жұмағалиұлы Ақтөбе облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы қызметін атқарған.
Ақмола облысы әкімінің өкімімен Али Алиев Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы болды.
Али Мұхаммедұлы Алиев 1991 жылғы 16 сәуірде Ақмола облысы Аршалы ауданының Жібек жолы ауылында дүниеге келген.
2014 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген.
2024 жылы Мәскеу заңтану институтын тәмамдаған. «Жаратылыстану» және «Экономика» мамандықтары бойынша жоғары білімі бар.
Еңбек жолын 2015 жылы Астана қаласындағы «СпецТрейд ТМ» ЖШС-нің коммерциялық директоры қызметінен бастаған.
2016–2017 жылдары Ақмола облысы Аршалы ауданындағы «Атамекен» кәсіпкерлердің ұлттық палатасының Кәсіпкерлік пен өнеркәсіпті дамыту қорының директоры болып жұмыс істеген.
2017–2020 жылдары «Атамекен» кәсіпкерлердің ұлттық палатасының Ақмола облысы бойынша директорының орынбасары қызметін атқарған.
2020–2023 жылдары «СпецТрейд ТМ» ЖШС директорының кеңесшісі болған.
2023–2024 жылдары «Azia-Tech» ЖШС-нің даму жөніндегі директоры қызметін атқарған.
2024–2026 жылдары «KOKSHE» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары болып жұмыс істеген.
Бекет Кульбаев Ақтөбе облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментін басқарады.
ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитеті төрағасының бұйрығымен Бекет Ошақбайұлы Кульбаев Ақтөбе облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы болып тағайындалды.
Комитет төрағасының орынбасары Ренад Ахметов ұжымға жаңа басшыны таныстырып, департамент жұмысының басым бағыттарын атап өтіп, қойылған мақсаттардың сәтті жүзеге асуына тілектестік білдірді.
Бекет Ошақбайұлы 1975 жылы ОҚО, Шымкент қаласында дүниеге келген.
Білімі: Әл-Фараби атындағы Қазақстан мемлекеттік университеті, құқықтану; Қарағанды экономикалық университеті, экономика
Жұмыс тәжірибесі
1997-2006 жж. — Оңтүстік Қазақстан облысы ІІД ішкі істер органдарындағы қызметі;
2007-2007 жж. — Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің бас маманы;
2007-2008 жж. — Шығыс Қазақстан облысы бойынша көліктік бақылау басқармасы қалалық көліктік бақылау бөлімінің бастығы;
2008-2009 жж. — ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысындағы Тәртіптік кеңес хатшылығының меңгерушісі;
2009-2016 жж. — Алматы қаласы Қаржы мониторингі департаменті басшысының орынбасары;
2016-2018 жж. — Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы;
2021-2022 жж. — Алматы қаласы Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті басшысының орынбасары;
2022-2023 жж. — Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары;
2023-2026 жж. — ҚР ҚМ ІМАК Қостанай облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы.
Айта кетейік, бұған дейін өткен аптадағы тағайындаулар туралы жазғанбыз.