Бүгін елімізде сегіз қаланың ауа сапасы нашарлайды – Қазгидромет
АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.
– 11 қыркүйекте Алматы, Өскемен қалаларында, түнде Ақтөбе, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Атырау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, – делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Айта кетейік, экожүйелерді қалпына келтіру, парниктік газдардың сіңірілуін ұлғайту, көміртек бірліктерін қалыптастыру мақсатында еліміз 100 мың гектар жасанды орман құру жобасын бастайды.
9 қыркүйек күні Өскеменде ауаға тараған үш зиянды заттың мөлшері шекті деңгейден асып кеткені белгілі болды.
Ал кеше Қарағандыда 7 гектар жер өртеніп, қалаға түтін жайылды.
Жалпы, ағаштардың қаланы қалай қорғайтынын, яғни жасыл желектің бес пайдасын мына жерден оқи аласыз.