Елімізде әуе керосиніне тапшылық көлемі қанша
АСТАНА. KAZINFORM – ҚР Көлік вице-министрі Талғат Ластаев елімізде әуе керосиніне қатысты тапшылыққа түсінік берді.
«Әуе керосинінің тапшылығы осыған дейін де болған және сұраныс әлі де бар. Елімізде жылына 650 мың тонна өндіріледі. Ал бізге жылына 1 млн тоннадан астам керек. Сондықтан 350 мың тонна немесе одан артық көлемде тапшылық байқалып отыр. Қазір осы тапшылықты импорт есебінен жауап келеміз», - деді Т. Ластаев елордада әуе көлігі тақырыбында өткен баспасөз мәслихатында.
Бұдан бұрын хабарланғандай Көлік вице-министрі вьетнамдық компанияның Qazaq Air-ді сатып алуы рәсімі күзде аяқталатынын растады.