Елімізде автокөлікпен жүк тасымалы қаншалықты өсті
АСТАНА. KAZINFORM – 2024 жылы автокөлікпен қанша жүк тасымалданды? Бұл сұраққа ҚР Көлік министрлігі жауап берді.
- 2024 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша автомобиль көлігімен экспорттық-импорттық қарым-қатынаста 22,9 млрд АҚШ доллары сомасына 6,6 млн тонна жүк тасымалданды. Жалпы, 2024 жылдың қорытындысы бойынша статистикалық мәліметтер биылғы ақпан айында дайын болады, - делінген министрліктің Kazinform агенттігіне берген жауабында.
Сонымен қатар ведомство Қытайдан Еуропаға баратын жүктердің ел аумағы арқылы транзитіне қатысты түсінік берді.
- 2024 жылғы 9 айда Қытайдан Еуропа бағытында Қазақстан аумағы арқылы автомобиль көлігімен транзиттік тасымалдар 262 мың тоннаны құрап, 2023 жылмен салыстырғанда (106,1 мың тонна) 2,5 есе өсті және бұл көрсеткіштің одан әрі өседі, - деп аталып өткен Көлік министрлігі ақпаратында.
Еске салсақ, 2023 жылы 9 айда автокөлікпен 5,5 млн тонна жүк тасымалданған еді.