Елімізде әйелдердің көбі қай салада жұмыс істейді?

әйелдер
Фото: pexels.com

АСТАНА. KAZINFORM - Елімізде түрлі салада 4 370 715 әйел  жұмыс істейді. Бұл жұмыспен қамтылған халықтың жалпы санының 48,3%-ы. 3,4 млн әйел жалданып жұмыс істесе, 940 мың әйел өзін-өзі жұмыспен қамтыған.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, салалар бөлінісінде әйелдердің басым бөлігі білім беру саласында жұмыс істейді. Бұл барлық жұмыспен қамтылған әйелдің 20%-ы.

Көтерме және бөлшек саудада – 19,6%, ауыл шаруашылығында – 9,7%, денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету саласында 9,6%, өнеркәсіпте жұмыс істейтін әйелдердің 7,8%-ы еңбек етеді.

Әйелдердің ең аз саны ақпарат және байланыс саласында тіркеліп отыр. Нақтырақ айтқанда, бұл барлық жұмыспен қамтылған қыз-келіншектердің 1,6%-ы.

Соңғы жаңалықтар