Елімізде бір адам айына қанша шай ішеді
АСТАНА.KAZINFORM - Биыл қаңтар-шілде айларында Қазақстанда 9 143 тонна шай және кофе өндірілді. Оның ішінде 3 829 тоннасы шай. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.
Өңірлік бөліністе шай өндірісінің негізгі үлесі Алматы қаласына тиесілі - 92,1% (3 528 тонна). Бұл көрсеткіш бойынша Алматы қаласы өңірлер арасында көш бастап тұр.
Импорттың үлесіне сергіткіш сусынның 74,1%-ы тиесілі, елге шай өнімінің 18,3 мың тоннасы әкелінді. Алты ай ішінде 3,9 мың тонна шай мен кофе экспортқа шығарылды. Ішкі нарықта барлығы 20,8 мың тонна өнім өткізілді.
Жалпы, шай тұтыну көлемі бір адамға айына орта есеппен шамамен 100 грамм.
Шайдың негізгі жеткізуші елдерінің қатарында Кения бар, оның үлесіне импортталған өнімнің 27,2%-ы тиесілі.
Сондай-ақ шайдың негізгі көлемі Үндістан, Ресей, Италия және Қытайдан әкелінеді.
Қытайда робот шай жинауды үйренгенін жазған едік.
Елімізде шай мен кофе сатылымы азайды.