Елімізде бір тәулікте найзағай салдарынан төрт орман өрті тіркелді

АСТАНА. KAZINFORM — 2026 жылғы 29 маусымда Қазақстанның мемлекеттік орман қоры аумағында төрт орман өрті тіркелді, деп хабарлайды Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметі.

а
Фото: «Ертіс орманы» резерваты

— Өрттердің біреуі Қостанай облысында, біреуі Шығыс Қазақстан облысында, ал екеуі «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының аумағында болған, — делінген комитет хабарламасында.

Алдын ала мәлімет бойынша, барлық өрттің шығуына найзағай разрядтары себеп болған көрінеді.

Уәкілетті органдар өрт қауіпті кезеңде табиғат аясында демалу кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырды. Мамандардың айтуынша, орманды қорғау — әр азаматтың ортақ міндеті.

Бұған дейін 28 маусымда елімізде 5 орман өрті тіркелгенін жазғанбыз.