Елімізде бірнеше өңір сусыз, жылусыз қалды

жылу
Фото: pixabay.com

Кейінгі күндері елімізде қатты аяз болып, кейбір облыстардағы жылу орталықтары суыққа төтеп бере алмай жатыр, деп хабарлайды Kazinform.

Атырау қаласының кейбір бөлігі кешеден бері сусыз отыр. Бұған Жайық өзенінде мұз қатып, су сору қондырғыларының жұмысы тоқтағаны себеп болды. 

Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі қалыптасқан жағдайға байланысты арнайы комиссия құрылғанын мәлім етті. Комиссияға облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев жетекшілік етеді. Ал «Атырау облысы Су Арнасы» КМК-ның баспасөз қызметінен мәлім еткендей, кеше Жайық өзенінде мұз қатып, Атыраудағы су сору қондырғылары тоқтап қалды. 9 желтоқсанында жергілікті уақытпен сағат 23:30 шамасында су беру тоқтатылған.

Бұған дейін Жайық өзенінде мұз қатып, Атыраудағы су сору қондырғылары тоқтап қалғаны туралы хабарлаған едік. 

Атырау қаласының тұрғындары кешеден бері бері су қысымының төмендеп, кейін тоқтап қалғанын жазып жатыр. Тұрғындар бұл туралы әлеуметтік желі мен WhatsApp мессенджерінде таратты. Одан бөлек, Ақтау қаласының тұрғындары жылусыз қалды. Магистральды құбырдың жарылуынан бірнеше шағынаудан жылудан ажыратылды.

«Бірнеше шағынауданда жылу беруге уақытша шектеулер енгізілді. Сабыр сақтап, күтулеріңізді сұраймын... Жоғары шағын аудандарды жылумен қамтитын магистральдық 800 мм-лік құбырда ақау шықты. Коммуналдық қызметтер осында, жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жағдай менің бақылауымда болады», - деп түсіндірді қала басшысы.

Балқашта кеше жылу магистральдарында екі апат болды. Салдарынан 28 үй жылусыз қалды. Қазір қала билігі мен коммуналдық қызметтер ақауды жойып жатыр. 

Бірінші апат кеше түстен кейін Мұхамеджанов көшесіндегі № 32 үйдің жанында болды. 426 мм диаметрлі магистральдың бұрылысында ыстық су ағып кетіп, кері құбырдағы қысым төмендеді. Салдарынан Мұхамеджанов шағынауданы жылусыз қалды. 

Соңғы жаңалықтар