Елімізде дәрі-дәрмекті тиімсіз пайдалану проблемасы әлдеқайда ауқымды - Ақмарал Әлназарова

Қазақстан дәрі-дәрмек нарығында импортқа қаншалықты тәуелді
Фото: egemen.kz

АСТАНА. KAZINFORM – Дәрілік және медициналық заттарды тиімсіз пайдалану фактілері анықталып жатыр. Бұл туралы Парламент Мәжілісінде медицина саласын талқылауға арналған жиында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова айтты.

«Медициналық ұйымдардың дерегіне қарағанда, ақпан айында олардың кредиторлық берешегі 57,3 млрд теңгені, оның ішінде мерзімі өткен қарыз 22 млрд теңгеге жетті. Бұл мәселені депутаттар корпусы үнемі көтеріп келеді. Кредиторлық берешек себептерінің бірі - қаржылық тәртіптің болмауы және медициналық ұйымдарды тиісті бақыламау», - деді А. Әлназарова.

Бұл ретте ол дәрілік және медициналық заттарды тиімсіз пайдалану фактілері анықталғанын айтты.

«Дәрі-дәрмектің шамадан тыс жиналуы, содан кейін оларды кедергісіз жоюы медициналық ұйымдардың қаржылық тұрақтылығының нашарлауына үлкен қауіп төндіреді. Осылайша, кредиторлық берешегі ең көп 24 медициналық ұйым бойынша дәрілік әрі медициналық заттар 5,5 млрд теңгені құрады. Оның ішінде 1,3 млрд теңгеге дәрілік және медициналық заттар алынғанымен, пайдаланылмаған. Сонымен қатар, жыл сайын 450 млн теңгеге жуық дәрілік әрі медициналық заттар пайланылмай жойылады екен. Бұл тек 24 медициналық ұйымға жасалған талдау нәтижесі. Атап айтқанда, дәрі-дәрмекті тиімсіз пайдалану проблемасы әлдеқайда ауқымды», - деді министр.

Соңғы жаңалықтар