Елімізде енгізілген қандай экологиялық стартап жобалар бар

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін елордада қоршаған ортаны қорғау, сақтауға бағытталған үздік экологиялық стартап жобалар таныстырылды. 

стартап
Коллаж: Canva

– Бүгін экологиялық үздік бес стартапты анықтаймыз. Әр стартапқа 3 млн теңге көлемінде сыйақы беріледі. Стартап жобалар жеті бағытты қамтиды, ол суды басқару және үнемдеу, энергияны үнемдеу және тиімді қолдану, қалдықтарды қайта өңдеу, жасыл көлік, экологиялық құрылыс материалдары тағы басқа. 2023-2024 жылдары конкурсқа 200-ден астам стартап жоба түсті, оның ішінде 50 жобаны таңдап алдық. Қазір іске асып жатқан бірнеше стартап бар, соның бірі хлорелла арқылы суды тазалау, бұл жоба еліміздің бірнеше өңірінде енгізілген, - деді Экология және табиғи ресурстар министрлігі халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар ұйымының басшысы Дидар Қарымсақов. 

Дидар
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform

Сондай-ақ елордада өткен GCIP Kazakhstan 2024 ұлттық форумы барысында экология министрлігінің өкілі ескі киімнің матасынан жаңа киім шығаруға арналған стартап туралы айтты. 

Бұған дейін әлем елдерінде табысқа жеткен отандық стартап жобаларды тізіп шыққан едік. 

Соңғы жаңалықтар