Елімізде ескі купюралар айналымнан қашан шығарылады

АСТАНА. KAZINFORM — ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменов ел аумағында ескі 5 және 10 мың теңгелік купюра жаңасына қашан айырбасталатынын түсіндірді.

 Астанада балабақша меңгерушілері балаларды тамақтандыруға бөлінген 35 млн теңгеден астам қаражатты жымқырған
Фото: Kazinform

«Оларды арнайы ауыстырмаймыз, яғни біз барлығын ескі купюраларды әкелуге мәжбүрлейміз деген түсінік жоқ. Екі жыл бойы ескі ақша айналымда қатар жүреді. Ескі банкноттар толығымен таусылғанша қабылданады», - деді Т. Сүлейменов елордада өткен баспасөз мәслихатында.

Осы орайда ол елімізде ескі купюралар әлі де емін-еркін айналымда болатынын айтты.

«Егер сізде ескі бес және он мың теңгелік купюралар болса, олармен төлеуге болады. Қалай болғанда да банктер оларды қабылдап, жаңасына айырбастайды», - деді ҰБ басшысы.

Еске салсақ, күзде «сақ стиліндегі» жаңа 10 000 теңгеліктер жаппай таралады.

Жаңа банкноталар күзге қарай жаппай таралады. Алдағы күндері айналымға шыққаннан кейін, екінші деңгейдегі банктер оны ыңғайлайды. Яғни бүкіл кассалық техника, банкоматтар мен терминалдар жаңа ақшаға қатысты тиісті бейімдеуден өткеннен кейін, шамамен қыркүйек айында ел халқының қолына тиеді.

Жаңа сериямен жаңартылған номиналы 5 000 теңгелік банкноталар айналымға 2023 жылы 25 желтоқсанда шығарылды.