Елімізде никаб киюге заңды түрде тыйым салына ма
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева көпшілік жерде никаб киіп жүруге қатысты тағы бір түсіндіріп өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Біздің қолданыстағы заңымызда «деструктивті діни ағымдар» деген ұғым жоқ. Сондықтан мұнда біз барлық тармақтар бойынша жұмыс жүргізуіміз керек. Әрине, бұл мәселе қоғамның пікірін ескере отырып, өте мұқият зерттеуді қажет етеді. Менің ойымша, бұл бағытта сарапшылар, теологтар бізге көмектесіп қана қоймай, бүкіл жұртшылық қосылады деп ойлаймын. Өйткені бүгінде азаматтық қоғам институттары, үкіметтік емес ұйымдар бізбен өте тығыз қарым-қатынаста. Біз жоспарлаған шаралар жоғарыда аталған өкілдермен бірге жүзеге асырылады деп ойлаймын, - деді Аида Балаева ОКҚ-өткен брифингіде.
Сондай-ақ, БАҚ өкілдері министрден никаб және басқа да діни киімдерді киюге тыйым салына ма деп сұрады.
"Әрине, біз бұл нормаларды зерттеп, ұсынатын боламыз. Қоғамдық орындарда никаб киіп жүру әлемдік тәжірибе екенін көріп жүрміз. Бұл жерде мәселе ұлттық қауіпсіздікте. Қоғамдық орындарда бетін тұмшалап жауып жүретіндерді тану өте қиын. Тағы бір айта кететін жайт, бұл мәселе қоғаммен бірге зерттелуі тиіс. Біз уәкілетті орган ретінде осы бағыттағы жұмысты күшейту және заңнамалық нормаларды қатаңдату бойынша жұмыс істейтін боламыз", - деп түйіндеді министр.