Елімізде қар түсіп, нөсер жауын жауды

АСТАНА. KAZINFORM – Жаз таяғанда ауа райы қазақстандықтарға күрт континенттік климатта өмір сүріп жатқанын тағы бір еске салды. Еліміздің бірнеше өңірінде жаңбыр аралас қар жауды. Назарларыңызға Kazinform агенттігінің табиғи құбылыстарға шолуын ұсынамыз.

люди
Фото: Александр Павский/Kazinform

Бүгін Ақмола облысында қар жауды. Атап айтқанда, Ақкөл және Ерейментау қаласында, сондай-ақ елорда маңындағы басқа да елді мекендерде қалың қар жауды.

Ақмола облысының тұрғындары ауа райының күрт өзгерісі туралы көріністерді әлеуметтік желіге жариялады.

Астана және Шымкент қаласының көшелерін қатты жауын-шашыннан көшелерді су басты. Шымкентке жауған нөсердің жойқын зардаптары туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

«Дауылдың салдарынан Шымкентте Темірлан тас жолы мен Ахунбабаев көшесінің қиылысында көпірді су басты. Жаңбыр суының тереңдігі 50 см», - делінген ТЖМ хабарламасында.

Астанада нөсер жаңбыр салдарынан бірқатар көше су астында қалды. Өз кезегінде елорда әкімдігі су басу себептерін түсіндірді. Әсіресе елордада нөсер жаңбырдан «MEGA Silk Way» СОО ауданы және Тұран даңғылындағы жолдарға көп зақым келді.

Еске сала кетейік, «Қазгидромет» демалыс күндері жауын-шашын, қар, найзағай, бұршақ және желдің күшейтіндігін болжаған болатын.

«Келе жатқан суық ауа массалары түнде және таңертең 3 градусқа дейін аяз болатындығын ескертті. Демек 25 мамырда батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте, 26 мамырда орталықта, 27 мамырда шығыста, оңтүстік-шығыста, 26-27 мамырда Оңтүстік Қазақстанның таулы аймақтарында ауа температурасы төмендейді», - делінген хабарламада.