Елімізде көбіне банкрот болған адамдардың орташа жасы нешеде

АСТАНА. KAZINFORM – ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті көбіне банкрот ретінде танылып жатқан адамдардың «портретін» жасады.

банкротство
Фото: freepik

Мемлекеттік кірістер комитеті басқармасының басшысы Меруерт Сисембаеваның айтуынша, банкроттық рәсімдеріне 18 жастан 92 жасқа дейінгі әртүрлі жастағы адамдар жүгініп жатыр.

«Негізінен 40-42 жас аралығындағы ер адамдар өтініш берген. Бұл – банкроттың орташа жасы. Атап айтқанда, негізгі банкроттардың 50 пайызы 5 жылдан астам қарызын өтемеген адамдар. Бұл өз кезегінде олардың біраздан бері несиелері бойынша қиындықтарға тап болғанын білдіреді. Қазіргі кезде 5 жылдан астам қарызын өтемеген 7295 адам банкрот деп танылды», - деді М.Сисембаева.

Еске салсақ, 2023 жылы 3 наурыздан банкроттыққа өтінім қабылдау басталады. 

Содан бері19 тамыздағы жағдай бойынша соттан тыс банкрот рәсіміне 109 мың 696 адам өтініш берді. 35 млрд тегеден астам сомаға 15,1 мың адам банкрот деп танылды.