Елімізде мемлекеттік су қойма, бөгеттерінің қатары көбейді

АСТАНА. KAZINFORM – Үкімет 2024 жылғы 20 қарашадағы қаулысымен республикалық меншіктегі су қоймалары, бөгеттер мен су тораптары тізбесіне толықтырулар енгізді. Бұған дейін тізімге 212 объекті енген, ал қазір 232 объектіге толықты.

Бұқтырма
Фото: Көлік министрлігі

Су шаруашылығы құрылыстары тізбесіне (су қоймалары, бөгеттер, су тораптары, басқа да гидротехникалық құрылыстар жатады) қосылды:

- Тамды өзеніндегі Жартас су қоймасы;

- Желқуар өзеніндегі Желқуар су қоймасы;

- Шолақанқаты өзеніндегі Шолақанқаты су қоймасы;

- Сұлусай өзеніндегі Сұлусай су қоймасы;

- Ембулатов өзеніндегі Ембулатов су қоймасы.

Сондай-ақ, тізім жаңа объектілермен толықтырылды:

- Қылшақты өзеніндегі «Щучье саяжайлары» бөгеті;

- Батпақкөл көліндегі «Батпақкөл» бөгеті;

- Есіл өзеніндегі «Безымянная» бөгеті;

- Айдабол өзеніндегі Айдабол бөгеті;

- Чаглинка өзеніндегі Алексеев бөгеті;

- Қабырга өзеніндегі «Альбарбогет» бөгеті;

- Шар өзеніндегі су торабы;

- Егінсу өзеніндегі су торабы;

- Үржар өзеніндегі су торабы;

- Катынсу өзеніндегі су торабы;

- Шелімбай ағынындағы су тарту құрылысы;

- Быжы өзеніндегі «Старый Кушук» су жинау су торабы;

- Жаманты өзеніндегі су тарту торабы;

- Қаратал өзеніндегі су бөгеті;

- Звездный ауылдық округінің су қоймасы бар бөгет;

- Шалсу өзеніндегі «Шалсу» су торабы;

- Қармақшы ауданы мен Қызылорда қаласындағы 5 коллектор;

- Жаңа Шиелі магистральдық каналының сумен қамтамасыз етілуін жақсарту үшін Сырдария өзеніндегі мата материалдарынан жасалған су тіреуіш құрылысы;

- Қараөзек каналындағы «Картонкомбинат» тіреуіш қоршауы;

- «Северный прокоп» коллекторы;

- Түркістан облысы Ордабасы ауданының тік дренаж ұңғымалары (44).

Қаулы 2024 жылдың 20 қарашасынан бастап күшіне енді. 

Айта кетейік, қарашада еліміздегі 1500-ден аса гидротехникалық құрылыс тексеруден өтті. Бұл шара су тасқыны кезеңіне дайындық аясында жүргізілді. 

Еске сала кетсек, Қазақстанда 2028 жылға дейін 42 су қоймасы салынбақ.