12:52, 23 Мамыр 2024 | GMT +5
Елімізде несие қарызын төлемеген 1,5 млн адам бар – агенттік
АСТАНА. KAZINFORM – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов тұтыну несиесі бойынша қарызын жаба алмай жүрген адамдардың санын жариялады.
«Менде биылғы 1 сәуірдегі мәлімет бар. Тұтыну несиелерінің жалпы сомасы 14,2 трлн теңгеге жетті. Оның ішінде 90 күннен асқан, яғни мерзімі өткен несиелердің үлесі 1,6 трлн теңгені немесе 12% құрады», - деді О. Қизатов Сенатта болған баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, тұтыну несиесін алғандардың саны 8,4 млн адам. Соның арасында 90 күннен астам қарызын өтемеген 1,5 млн адам тіркелген.