Елімізде өндірілген алтын мен күміс LBMA стандартына сай – Өнеркәсіп министрлігі

Елімізде өндірілген алтын мен күміс LBMA стандартына сай – Өнеркәсіп министрлігі
Фото: pexels.com

Елімізде өндірілген алтын мен күміс халықаралық сапа стандарттарына сай келеді. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform. 

«Елімізде алтын мен күмісті өңдеумен үш аффинаж зауыты («Тау-Кен Алтын» ЖШС, «Қазмырыш» ЖШС, «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС) айналысады. Өңделген алтын мен күмістің сапасы Лондон нарық қауымдастығында қабылданған бағалы металдар (LBMA) халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келеді», - деді министрліктен агенттіктің сауалына орай.

Ведомство мәліметінше, елімізде алтын мен күмісті өңдеумен «Тау-Кен Алтын» ЖШС, «Қазмырыш» ЖШС, «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС-ның үш аффинаж зауыты айналысады. Олардың ішінде «Қазмырышта» ғана швейцариялық Glencore AG компаниясының шетелдік үлесі бар.

Соңғы жаңалықтар