Елімізде өртенген орман алқаптарының көлемі 46%-ға азайды азайды

АСТАНА. KAZINFORM — 2026 жылғы мемлекеттік орман қоры аумағындағы өрт қауіпті маусым қорытындыланды, деп хабарлайды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрігінің баспасөз қызметі.

Бір аптада 12 орман өрті: Қазақстанда өрт қаупі жоғары болып тұр
Фото: Экология министрлігі

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, биыл 902 орман өрті тіркелді. Өрт санының өсуіне қарамастан, өрт шарпыған аумақ 27,5 мың гектардан 14,9 мың гектарға дейін қысқарды.

2023–2026 жылдары орман шаруашылығы мекемелеріне 2 204 арнайы техника сатып алынды.

Ормандарды авиациялық қорғау 12 облыста жүзеге асырылып, әуе кемелерінің жалпы ұшу уақыты 6 827 сағатты құрады.

-Орман өрттерінің алдын алу, материалдық-техникалық базаны нығайту, мамандарды даярлау және өртті ерте анықтау жүйелерін енгізу жұмыстары жалғасып жатыр, делінген хабарламада.

Айта кетейік, СҚО-да орманда от жаққандарға биыл 1,4 млн теңге айыппұл салынды.