Елімізде су тасқыны басталғалы 460-қа жуық әйел босанды

Перзентхана
Фото: Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы

АСТАНА. KAZINFORM – Су тасқынымен күресте ақ халаттылардың жұмысы туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова «Біз біргеміз» телемарафоны эфирінде айтып берді.

«Медицина қызметкерлері су тасқыны басталғалы алдыңғы қатар еңбек етіп жүр. Төтенше жағдай жарияланғаннан бері 460-қа жуық әйел босанды, өмір жалғасып жатыр. Сонымен қатар созылмалы ауруы бар науқастарды дәрі-дәрмекпен қамту біздің бақылауымызда. Дәрігерлер 100-ден астам эвакуациялау пунктінде халыққа тәулік бойы көмек көрсетіп жатыр, кейбір пункттер жабылды», - деді Ақмарал Әлназарова телеэфирде. 

Министрдің айтуынша, әсіресе жұқпалы аурулардың алдын алу ерекше бақылауда. 

Бұған дейін су басқан өңірлерде үй салу жұмыстарының қалай жүріп жатқаны туралы хабарлаған едік. 

Соңғы жаңалықтар