Елімізде Трамадолдың сатылымы 90%-ға төмендеді

Қазақстан дәрі-дәрмек нарығында импортқа қаншалықты тәуелді
Фото: egemen.kz

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанда Трамадол былтыр психотроптық заттардың тізіміне енгізілді.

«Заң жобасында заңсыз заттар айналымы, оны сақтауға қылмыстық жауапкершілік көзделген. Медициналық препараттарды бақылаусыз сатудың салдарынан дәріханаларда есірткілер пайда болды. Оларға деген жастардың құмарлығы күн санап артуда. Осы орайда Ішкі істер министрлігіне сұрағым бар, күшті әсер ететін медициналық препараттардың жолы қалай кесіліп жатыр?», - деді Мәжіліс депутаты Қазыбек Әлішев.

Мәжіліс депутаттары
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

«Былтыр сәуірде Трамадол дәрісін тыйым салынған тізімге кіргіздік. Содан кейін оның айналымы 90%-ға түсіп қалды. Бұрын дәріханада Трамадолды қолма-қол сата берсе, қазір олай емес, біз оны тексеріп жатырмыз. Ал басқа да күшті әсер ететін препараттарды тыйым салынған тізімге енгізсек, дәріханалар оларды сатпайды деп ойлаймыз», - деді Ішкі істер министрінің орынбасары Айдос Рысбаев Мәжіліс отырысында сауалға жауап бере отырып.

Вице-мниистрдің айтуынша, дәріханалар арнайы рұқсатпен тексеріледі.

«Біз анықталған кемшіліктерді фармацевтикалық бақылауға жібереміз, олар әкімшілік хаттама толтырады. Егер қылмыстық жаза енгізілсе, онда бізге жұмыс істеу оңайға түседі», - дейді ол.

Соңғы жаңалықтар