Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Елімізде тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша көш бастап тұрған өңірлер аталды

АСТАНА. KAZINFORM — Осы жылдың алғашқы алты айында елімізде 8,5 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. 

Елімізде тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша көш бастап тұрған өңірлер аталды
Фото: Kazinform

Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев мәлімдеді.

— Өткен жылы осы уақытта тек 7,9 миллион шаршы метр үй пайдалануға берілген еді. Ал осы жылы көлем 6,7 пайызға жоғары, — деді ол.

Тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі барлық өңірде артқан. Әсіресе, ең жоғары өсім Жетісу және Алматы облыстарында тіркеліпті.

Айта кетейік, осы жылы елімізде «7-20-25» баңдарламасы аясында 85 мыңнан астам азамат баспаналы болды.