Елімізде ұрлық жасау азайды

АСТАНА. KAZINFORM – Биыл 11 айдың есебі бойынша Қазақстанда ұрлық-қарлық 28,1%-ға азайды, яғни 40 458-ден 29 089-ға дейін төмендеген. 

Елімізде ұрлық жасау азайды
Фото: Kazinform

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметіне сәйкес, ұрлық көбіне Алматы және Астана қаласында тіркелсе, (6 675/3 727) Манғыстау және Ұлытау облысында ұрлық (396/298) аз болған.

– Ұялы телефондар ұрлығы 31,2%-ға төмендеді (10 051-ден 6 919-ға дейін). Мобильді телефондар ұрлығы көбіне Алматыда – 1 989 және Астанада – 669, ең азы Ұлытау облысында – 54. 

– Автокөлікті ұрлау 46,1%-ға (256-дан 138-ге дейін) азайды. 

– Пәтер ұрлығы (үйді тонау) бойынша да қылмыстың 33,7%-ға , яғни 3 398-ден 2 252-ге дейін төмендеу динамикасы байқалады.

– Мал ұрлығы 30,3%-ға немесе 1 432-ден 998-ге дейін төмендеді. Мал ұрлығы фактілерінің ең көбі Алматы-194, Абай – 126, Түркістан – 114, Жетісу – 97 облыстарында тіркелген. 

Еске сала кетейік, Қазақстанда 2022 жылдап бастап ұрлық жасау қылмысы бойынша жаза қатаңдатылды.  

Соңғы жаңалықтар