Елімізде жеке броньды қорғаныс құралдарын сынайтын зертхана құрылады

АСТАНА. KAZINFORM — 2026 жылға дейін елімізде жеке броньды қорғаныс құралдарын сынайтын зертхана құру жоспарланған. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов Сенат депутатының сауалына берген жауабында мәлім етті.

Елімізде жеке броньды қорғаныс құралдарын сынайтын зертхана құрылады
Фото: asiaplustj.info

— Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі «Steel Manufacturing» ЖШС базасында жеке броньды қорғау құралдарының сынақ зертханасын құру бағытында жұмыс жүргізіліп жатыр. 2024 жылғы 23 қыркүйекте зауыт технологиялық жабдықты жеткізуге Prototypa-ZM, s.r.o. компаниясымен (Чехия) (сомасы –10 млрд теңге, жеткізу мерзімі — 2025 жылғы тамыз) шартқа қол қойды. Сынақ зертханасын іске қосудың күтілетін мерзімі — 2026 жылғы ақпан, — деп жазылған жауапта.

Еске салсақ, ақпан айының аяғында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне резервтегі әскери қызмет және жекелеген орталық мемлекеттік органдардың функцияларын қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы мақұлданған болатын. 

Соңғы жаңалықтар