Елімізде жыл сайын 45 тонна ғана жүн жинап алынады

АСТАНА. KAZINFORM – Құрылыс және өнеркәсіп министрі Қанат Шарлапаев Мәжіліс депутаттарының сұрағына берген жауабында елдегі жүн мен тері өңдеу саласының ахуалы туралы мәлімет берді.

қанат шарлапаев
Фото: Kazinform

«Жүн мен тері өңдеуді дамыту үшін бізге Қазақтанда ішкі сұранысты қалыптастыру қажет. Қазіргі таңда жылына 40-45 тонна жүн жинаймыз. Соның 10 пайызын өзімізде өңдеу үшін биыл Ақтөбе облысында үлкен фабриканы іске қосамыз. Яғни, жүннен экологиялық жағынан таза жылытқыш материал жасаймыз. Осылайша ішкі сұранысты жолға қоямыз», - деді министр.

Оның сөзінше қазір тері экспортқа шикізат ретінде ғана кетіп жатыр. 

«Теріні Қазақстанда өңдеу үшін ішкі сұраныс болу керек. Қазір тек шикізат ретінде экспорттау ғана бар. Министрлік тарапынан ішкі сұранысты көтеру керек. Нақты жобалар болу үшін іште сұраныс болу қажет», - деді Қанат Шарлапаев.