Елімізде жоғары табысқа прогрессивті салық шкаласы қайта енгізілуі мүмкін
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан жоғары табысқа прогрессивті салық шкаласын қайтару қарастырылып жатыр. Бұл туралы Парламенті Мәжілісі жанындағы Қоғамдық палата отырысында Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Амрин мәлім етті.

Ол осы тәжірибе елімізде 2007 жылға дейін қолданылғанын еске салды. Сол кезде прогрессивті салық шкаласы 5 сатылы деңгейде болды.
— Енді жүйе күрделі болмауы үшін екі сатылы деңгей ұсынылды. Біріншіден, егер ай сайынғы табыс 3 млн теңгеге дейін болса, ставка қазіргідей 10 пайыз деңгейде сақталады. Ал табысы 3 млн-нан жоғары болса, онда ол мөлшерлеме 15% құрайды. Бұл заң жобасы аясында осындай шкала пысықталып жатыр, — деді Азамат Амрин.
Еске салсақ, 9 сәуір күні Парламент Мәжілісі Салық кодексінің жаңа жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Енді палата осы құжат жобасы аясында ұсынылған қосымша бастамаларды екінші оқылымға дейін талқылайды.