Еліміздегі халық ең көп қоныстанған Түркістан облысының статистикалық деректері

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM - Түркістан облысы – ел Тәуелсіздігін алған жылдары құрылған жаңа облыстың бірі. Қазақстанның Оңтүстігінде орналасқан. 2018 жылы әкімшілік орталығы Шымкенттен Түркістанға ауыстырылды. Шымкент республикалық маңызы бар қала мәртебесін алып, Оңтүстік Қазақстан облысының құрамынан алынды. Ал, жаңа облысқа Түркістан атауы берілді. Бүгінде тұрғындар саны 2 млн асады. Солтүстігінде Ұлытау, шығысында Жамбыл, батысында Қызылорда облыстарымен, оңтүстігінде Өзбекстан Республикасымен шектеседі. Облыс құрамында 14 әкімшілік аудан, 4 қалалық әкімдік, 7 қала, 13 кент, 171 ауылдық округ, 932 ауыл бар.

Туркестан Түркістан
Фото: Мақсат Шағырбаев/Kazinform
Туркестан Түркістан
Фото: Мақсат Шағырбаев/Kazinform

Халық саны және көші-қоны

2024 жылғы 1 тамыздағы дерек бойынша, облыс халқының саны - 2151,9 мың, соның ішінде қалалықтар – 538,2 мың (25%), ауылдықтар – 1613,7 мың (75%).

Халықтың табиғи өсімі 2024 жылғы қаңтар-шілдеде 25 377 адамға ұлғайды. Осы мерзім аралығында 31 302 сәби дүниеге келсе, 5 925 адам қайтыс болды.

Теріс көші-қонның айырмасы қалыптасты – 15 625 адам, оның ішінде сыртқы көші-қонда – 304 адам оң көші-қон айырмасы, ішкі көші-қонда теріс көші-қонның айырмасы – 15 929 болды.

Еңбек және табыс

2024 жылғы ІI тоқсанда өңірде жұмыссыздар саны 40,7 мың адам болды. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшіне қарағанда - 4,8 пайыз.

2024 жылғы 1 қыркүйекке жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 34 847 адамға жетті немесе жұмыс күшінің санына 4,1 пайыз болып қалыптасты. IІ тоқсанда қызметкерлерге есептелген (кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, шағын кәсіпорындарсыз) орташа айлық атаулы жалақы 324 470 теңге болды, өсім - 2023 жылғы ІI тоқсанға қарағанда 8,5 пайыз. Ал, нақты жалақы индексі 101,7% болып қалыптасты.

2024 жылғы I тоқсанда облыс халқының орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы бағалау бойынша - 109 628 теңге. 2023 жылғы I тоқсанға қарағанда 18,4% жоғары, аталған кезеңге нақты ақшалай табыстың өсу қарқыны – 8,8 пайыз болды.

Түркістан облысы әкімдігі
Фото: Түркістан облысы әкімдігі

Салалық статистика

2024 жылғы қаңтар-тамыз айларында өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағамен 749351,5 млн теңге болды, бұл - 2023 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда 7 пайызға көп.

Тау-кен өндіру өнеркәсібінде өндіріс көлемі 3,1 пайыз, өңдеу өнеркәсібінде – 11,4 пайыз болды, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтауда – 15,2 пайызға өсті. Сумен жабдықтауда, қалдықтарды жинауда, өңдеуде және жоюда, ластануды жою жөніндегі қызметте 10,6 пайызға кеміді.

2024 жылғы қаңтар-тамызда ауыл шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымы 438558,8 млн теңге немесе 2023 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда 106,8 пайыз болды.

2024 жылғы қаңтар-тамызда жүк айналымының көлемі 15901,7 млн м3 жетті немесе 2023 жылдың қаңтар-тамызымен салыстырғанда 95,9 пайыз болды.

Жолаушы айналымы 903,8 млн жолаушы-км немесе 2023 жылдың қаңтар-тамызымен салыстырғанда 81,6 пайыз болды.

Құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі - 245127,9 млн теңге немесе 2023 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда 128,6 пайыз.

2024 жылғы қаңтар-тамызда пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 11,2% өсіп, 584,5 мың шаршы метр болды. Олардан жеке тұрғын үйлер – 18,4 пайыз (478,3 мың шаршы метр), ал көппәтерлі тұрғын үйлер 15 пайызға кеміді (103,1 мың шаршы метр). Бұдан бөлек, жалпы алаңы 3,1 мың шаршы метр жатақхана пайдалануға берілді.

2024 жылғы қаңтар-тамызда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 596248 млн теңге немесе 2023 жылдың қаңтар-тамызымен салыстырғанда 125,6 пайыз болды.

Тіркелген заңды тұлғалар саны - 2024 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 18 542, өткен жылғы сәйкес кезеңдегімен салыстырғанда 5 пайызға өсті. Оның ішінде 250 адамнан жоғары қызметкерлері барлар - 106. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны – 16 785. Оның ішінде шағын кәсіпорындар саны – 16 146. Облыста тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік кәсіпорындар (заңды тұлғалар) саны – 14 716, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 5,4 пайызға өсті.

Түркістан облысы әкімдігі
Фото: Түркістан облысы әкімдігі

Экономика

2024 жылғы қаңтар-наурыздағы жалпы өңірлік өнім көлемі қолданыстағы бағамен 927563,6 млн теңге болды. 2023 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда нақты ЖӨӨ 3,7 пайызға өсті. ЖӨӨ құрылымында тауарларды өндіру үлесі - 34,7 пайыз, қызметтер көрсету – 58,7 пайыз.

Тұтыну баға индексі 2024 жылдың тамызында 2023 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 104,2 пайыз болды.

Азық-түлік тауарларының бағасы 0,1 пайыз, азық-түлік емес тауарлардың бағасы – 9,4 пайыз, халыққа көрсетілетін ақылы қызметтердің үлесі – 6,2 пайызға өсті.

2023 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 2024 жылдың тамызында өндіруші кәсіпорындардың өнеркәсіп өнімдерінің бағалары 1,6 пайызға қымбаттады.

2024 жылғы қаңтар-тамызда бөлшек сауда көлемі 205 758 млн теңге болды немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,1 пайызға артты.

2024 жылғы қаңтар-тамызда көтерме сауда көлемі 101244,3 млн теңге немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 127,3 пайыз болды.

Алдын ала деректер бойынша 2024 жылғы қаңтар-шілдеде ЕАЭО елдерімен өзара сауда 599,5 млн АҚШ доллары көлемінде болып, 2023 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 53,2 пайызға көбейді, оның ішінде экспорт – 495,8 млн АҚШ доллары (55% көбейді), импорт – 103,7 млн АҚШ доллары (45,2% көбейді).

Туркестан Түркістан
Фото: Мақсат Шағырбаев/Kazinform
Туркестан Түркістан
Фото: Мақсат Шағырбаев/Kazinform
Туркестан Түркістан
Фото: Мақсат Шағырбаев/Kazinform

 

Соңғы жаңалықтар