Еліміздегі мейрамхананың көбі екі мегаполис пен Түркістан облысында

мейрамхана
Фото: Pexels

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанда қоғамдық тамақтану орындарының саны өсті. Былтыр 15 826 орын тіркелген, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 4,5% артық (15 146). Бұл жайында ұлттық статбюродан хабарланды. 

Өткен жылы мейрамхана саны ерекше өсті. 2023 жылы олардың саны 2 303 болса, 2022 жылы 2106 болған.

Асхана саны да 4 752-ден 5 383-ке дейін өскен. 

Мейрамханалар мен асханалар санының өсуі аясында кафелер саны кері динамиканы көрсетті, 2022 жылғы 5 016-дан 2023 жылы 4 479-ға дейін қысқарған.

Өңірлер бөлінісінде мейрамханалардың ең көбі Астана (400), Алматы (351) қалалары мен Түркістан облысында (213).

Кафелер — Алматы (508), Астана (385) қалаларында және Қарағанды облысында (464) көп.

2023 жылы қоғамдық тамақтану саласында көрсетілген қызметтер көлемі 1,1 трлн теңгені құрады, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 11,9% артық. 

Соңғы жаңалықтар